Ағымдағы жылдың наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасымен тыйым салынған «КыздарНет» сайтында интимдік қызметтерді насихаттауға және жарнамалауға қатысқан трансұлттық ұйымдастырылған топтың 6 қатысушысына айып тағылған болатын.
— Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге негізделген, — делінген хабарламада.
2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «КыздарНет» сайты арқылы сутенерлікпен айналысуға көмектесу және қолдау көрсеткені үшін Республикадағы алғашқы үкім шығарды.
— Барлық қатысушылар кінәлі деп танылды, трансұлттық ұйымдастырылған топтың басшысын 10 жылға, оның қатысушыларының әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деп хабарлады прокупратурадан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Алматыда интим қызмет көрсеткен студия әшкере болды.