Петропавлда қоқыс таситын жүргізушілерге ең жоғары жалақы төленеді

Фото: pkzsk.info

Петропавлда көп жылдан бері қоқыс шығару мәселесі шешілмей келе жатыр. Жаңа жыл қарсаңында қала әкімдігі қоқыс шығаратын мердігерлерден бұл мәселені шешуді талап етті. Kazinform бұл туралы Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне, статистика департаментінің мәліметі бойынша орташа есептен асатын – 350 мың теңге жалақы ұсынылды. 

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде «Коммунсервиске» қоқыс шығаратын көлік жүргізушісі керектігі, оған 350 мың теңге жалақы ұсынылатыны туралы хабарландыру жарияланды.

2 апта бұрын қоқыс шығарумен айналысатын Мюльсервис компаниясы қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне айына 300 мың теңге жалақы ұсынатынын хабарлады.