Петропавлда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші үш тәулікке қамалды

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жол қозғалысы ережелерін бұзған ер адамға қатысты істі қарады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Р. есімді ер адам «Toyota Camry» маркалы көлікке тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін, Т 028 РТМ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді әдейі қолданғанын анықтады.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, істі дереу қарауды және сот қаулысының заңды күшіне енуін сұрады.

Сот Р.-ні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ал жалған нөмірлік белгілер жойылатын болады. 

Сот қаулысы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді.

Естеріңізге салайық, Алматыда жол ережесін бұзған танымал блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.