Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға демалыс күндері болған. BMW жүргізушісі өзге көлікті басып озбақ болып автобус аялдамасына соғылған.
«Салдарынан аялдамада тұрған үш адам жарақаттанды. Олар: 63 жастағы ер адам, 61 жастағы әйел және 5 жасар қыз. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілген. BMW көлігін Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық тексеріс актісіне сәйкес, жүргізуші мас күйде болған», - делінген хабарламада.
Тиісті сараптамалар белгіленді. Олардың нәтижесі бойынша материалдар сотқа беріледі.
Авторы: Олеся Жуковень