Петропавлда көлік тұрақтарында рейд жүріп жатыр

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция қызметінің қызметшілері көлік құралдарының тоқтауы және тұрақ ережелерінің бұзылуын анықтау бойынша рейд жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаске полицейлерінің есептік кездесуі барысында қала тұрғындары полиция ведомствосының басшысы Берік Біләловке жол бойына  көлік қалдырып  мәселесі бойынша шағымданды. жүгінді. Бүгінде ЖПҚ қызметшілері жолдың аталған бөлігінде рейд өткізуде.

«Ереже бұзушылар Тоқсан би көшесіндегі «Кредо» көтерме дүкенінің маңындағы тұрақта заңсыз аялдауларын бірқатар дәлелді себептермен түсіндіруде. Сондай-ақ, полицейлер ереже бұзушыларды әкімшілік жауапқа тартуда. Тұрақтау немесе аялдау ережелерін бұзған көлік жүргізушілері 10 АЕК көлеміндегі айыппұл, яғни 20 мың теңгеден астам қаржы төлейді», - деп айтты баспасөз қызметінде.

Рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясының батальоны Тоқсан би - Интернациональный көшелерінің қиылысында бекет қояды.