Петропавлда көмекке зәру зейнеткерлерге 10 тонна ұн таратады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда әлеуметтік әріптестік аясында қаланы дамыту қоры арқылы 10 тонна ұн бөлінді. 25 келілік ұн қапшығына көмекке мұқтаж 400 зейнеткер ие болмақ.

«1 қазанда Петропавл қаласы бойынша қариялар мен мүгедектерді қолдау бойынша айлық басталды. Жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер азық-түлікке ие болады. Әлеуметтік серіктестік аясында қаланы дамыту қоры арқылы 10 тонна ұн бөлінді», - деді Петропавл қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлер және мүгедектермен жұмыс бойынша сектордың меңгерушісі Әлима Бекназарова.