Қалалық әкімдіктіңбаспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында жылыту маусымына әзірлікқұжатын әзірше тек 12 көпқабатты үй ғана алды. Бүгінге дейін 200-ден астамыныңғана жылыту жүйесі жуылып, тазаланды.
Мамандардыңайтуынша, Петропавл қаласында жылда 200-дей тұрғын үй қысқа тиісіншедайындалмайды. Оның бірнеше себебі бар. Бұл көпқабатты баспаналарда пәтериелері кооперативі жоқ немесе олар өз жұмыстарына салғырт қарайды.
«Жылуды кешіктірмейдер кезінде беру үшін қазірден бастап үйлерді әзірлеу қажет. Былтыр 750 үйдайындалғанымен, әзірлік құжатын тек 150-і ғана алды. Бұл - өте төменкөрсеткіш. Қала әкімі Болат Жұмабеков тиісті қызметтерге жағдайды жақсартудытапсырды. Коммуналдық қызметтер жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарын алдағы айдааяқтауы тиіс», - деді баспасөз қызметінде.
Петропавлқаласындағы көпқабатты үйлердің саны – 1086. Жылыту маусымы әдетте қыркүйекайының соңында басталады.