Петропавлда Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлға кіреберіс жерде Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 18-ғасырда өмір сүрген батыр, ақын және музыкант Қожаберген жыраудың өмірі мен қайраткерлігіне арналған кездесу өткен.

Солтүстікқазақстандық тарихшылар атап өткендей, Қожаберген жыраудың есімі көптеген жылдар бойы ұмытылып, оның шығармашылығы зерттелмей қалған.

«Солтүстік Қазақстан аумағында қазақ халқы дәріптеген есімдер көп емес. Бірақ, Қожаберген жырауды бәріміз білеміз. Қаладағы көшеге оның есімі берілген. Қазір оның ескерткіші бой көтеріп жатыр. Бұл - біздің танымал жерлесіміз. Ол халықты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырып, жоңғарларға қарсы тұрған адам», - деді тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Анатолий Плешаков.

2017 жылы солтүстікқазақстандық тарихшылар Сүйіндік батырдың қабірін тапқан. Ол «Жеті жарғыны» жасауға атсалысқан. Қожаберген жырау Толыбайұлының дәуірінде өмір сүрген. Анатолий Плешаков атап өткендей, зират Жамбыл ауданынан табылған, бірақ батыр туралы көп нәрсе белгісіз. Қазір тарихшылар ол туралы ақпарат жинап жатыр.