Петропавлда ҚР Президенті атынан жаңажылдық шырша өтті

None
ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавлдағы «Айналайын» балалар бағында Қазақстан Республикасының Президенті атынан жаңажылдық шырша өтті. Мерекеге облыс орталығынан және облыстың барлық аудандарынан келген балалар қатысты.

Олар - ата-аналарының қарауынсыз қалған және жетім балалар, мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан және мүгедек балалар.

Облыс театрларының актерлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен балаларға арналған театрланған көрініс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейне-құттықтауын тамашалау ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы балаларды құттықтай отырып, келешекте өз елдерінің лайықты азаматтары болып өсулері үшін оларды жақсы оқуға шақырды. Көп ұлтты Қазақстанда түрлі ұлттардың адамдары тату-тәтті және келісіммен өмір сүріп отырғандығын айрықша атап өтті. Елбасы балаларға тату болып өсуді, бір-бірін бағалауды және құрметтеуді, бақытты болуды, өз Отандары - Қазақстан Республикасын сүюді тілек білдірді.

Балаларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов та құттықтады. «Жаңа сіздер еліміз Президентінің құттықтауын тыңдадыңыздар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпаққа - еліміздің болашағына айрықша көңіл бөледі. Жақсы білім алу және еліміздің лайықты азаматтары болып өсу үшін біздерде барлық жағдайлар жасалған», - деді ол.

Жаңажылдық шырша айналасындағы әсем әннен кейін облыс әкімі мерекедегі таңдаулы жаңажылдық киімдерге жүлделер тапсырды. Айыртау ауданындағы Айыртау орта мектебінің 4-сыынып оқушысы Елена Иванова гран-при жүлдесіне ие болып, сыйлыққа түрлі-түсті теледидар алды.