Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты кеше кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Петропавлдағы Мамлют тас жолы көшесінде Nissan Qashqai және өрт сөндіру қызметінің КАМАЗ АЦ-6 машинасы соғылып қалған. Кроссовердің 54 жастағы әйел жүргізушісі жарақат алып, қалалық үшінші аурухананың жарақат бөлімшесіне жеткізілді. Көлікте 83 жастағы әжей де ауруханаға әкелінгенімен, медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді.
Жеңіл көліктің жүргізушісі қос жолақты кесіп өтіп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Көлік апатына қатысты тиісті сараптама жасалды, жиналған материал Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.