Петропавлда құтқарушылар жол-көлік апатында жарақаттанған жүргізушіні көлікті кесіп шығарды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алып, көлікке қамалып қалған жүргізушіге құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 ақпан күні түнгі сағат 1.51 минут кеткенде «112» құтқару қызметіне Петропавлдағы Жамбыл және Пионер көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болғандығы жөнінде хабар түседі. Зардап шегушіге құтқарушылардың шұғыл көмегі қажет болған.

Оқиға орнына СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі келді. Жол-көлік апаты «Дельфин» бассейнінің жанында болған.

«Біз соқтығысқан екі көлікті көрдік. «ВАЗ» машинасының жүргізушісі ауыр жарақат алып, есеңгіреп қалған екен. Әрі көліктің есіктері бұғатталып қалғандықтан өздігінен шыға алмаған. Мен, Артем Савин, Евгений Языков, Илья Бабиченко және Диас Бостанов бірден іске кірістік. Ер адамды көліктен жедел, әрі қауіпсіз алып шығу міндеті тұрды. Ер адамды корсетпен және арнайы «волокуш» матамен алдын ала орап, көліктің алдыңғы аркаларын кесіп алдық. Майысқан металды сығып, зардап шегушіге зиян тигізбеу үшін оны медициналық зембілге салып, полиция қызметкерлерінің көмегімен жедел медициналық жәрдемге бердік», - дейді операцияны жүргізген құтқарушылардың бірі Таир Мәдиев.

Маманның айтуынша, операция санаулы минуттарда жүргізілді, себебі зардап шегушінің жағдайы құтқарушылардың шұғыл іс-әрекетіне тәуелді еді.

«Құтқарушылар жұмыс барысында ер адамды психологиялық тұрғыдан қолдады, оның есінен тануына «жол бермеді». Бүкіл операция бірнеше минутқа созылды. Қазір ер адам жансақтау бөлімшесінде жатыр, аяққа тұрып кетеді деп үміттенеміз», - дейді құтқару бөлімшесінің басшысы Нұрболат Айсин.

Бұған дейін жол-көлік апатына түскен ар адамның Әзербайжан азаматы екенін айтқан едік. https://kaz.inform.kz/news/petropavlda-azerbayzhan-azamaty-zhol-apatyna-tusip-auruhanaga-zhatkyzyldy_a3902544