Петропавлда күзетшілер жасөспірімді қағып кеткен скутер жүргізушісін ұстады

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының күзет құрылымдары жыл басынан бері 40-тан астам қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, «Аларм-Cекьюрити» күзет агенттігінің экипажы көшені патрульдеу кезінде жол-көлік оқиғасының куәгері болды. Кешке Қазақстан Конституциясы мен Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында скутер жүргізушісі жасөспірімді қағып өтіп, қашіп кетпек болған. Күзетшілер оны ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Скутер жүргізушісінің мас болғаны анықталды.

«Күзетшілердің нысандарда қылмыстарды болдырмайды. Дабыл белгісі бойынша жедел жеткен күзет агенттігінің қызметкерлері дүкендегі касса аппаратын ұрламақ болған әйелді ұстады. Тағы бір жолы күзетшілер терезені сындырып дүкенге кірмек болған ер адамды ұстады», - деп мәлім етті СҚО ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Олжас Салтаев.

Күзетшілер 800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті.

Қазір өңірде 71 күзет құрылымы бар, соның ішінде 8 компания қызметкерлері полициямен бірге көшелерді патрульдеуге шығады.

Соңғы жаңалықтар