Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, биылғы алғашқы жартыжылдықта қала мектептерінде 20 қылмыс жасалған.
Соның 12-сі жасөспірімдерге қатысты болса, 8-ін балалардың өздері жасаған.
«Қылмыстар мынадай бағыттар бойынша жасалды, яғни 7-уі - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, алаяқтық, екеуі – сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, 8-і кәмелеттік жасқа толмағандармен жыныстық қарым-қатынасқа бару, екеуі - балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары, соның біреуі өліммен аяқталды және 7 жағдайда жасөспірімдер үйден кетіп қалған. Жыныстық озбырлыққа қатысты барлық фактілер мектеп кеңестерінде және кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау бойынша қалалық комиссияда қаралды. Сот отырыстарының қорытындысына сәйкес екеуі шартты түрде жаза алды», - дейді Петропавл қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Теміров.
Бұған дейін Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны 10 жылға сотталғанын айтқан едік.
Жігітті полицейлер ұстаған кезде одан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі табылған. Кейін жігіттің есірткі сататын интернет-дүкеннің «таратушысы» екені анықталды.