1 сәуір күні Петропавлда үш қабатты тұрғын үй өртке оранды. Тілсіз жау 24 шаршы метр аумақты шарпыды. Көп қабатты баспанадан 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрттің салдарынан 1951 және 1955 жылдары туған екі әйел, сондай-ақ 3 және 8 жасар екі бала ысты газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.