Петропавлда мехбригадалар 18 үйді жөндеп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқалада орналасқан штабта жедел кеңес өткізіп, тасқын зардаптарын жою бойынша жауапты басшылар мен бекітілген аудандар әкімдері орынбасарларының есебін тыңдады. 

Фото: СҚО ПД

Қазір Ойқала мен Былғары кентінде аудандардың мехбригадалары 18 үйді жөндеп жатыр. Сондай-ақ аулалар мен жертөлелерден су сорылып, көшелер тазартылып, қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ойқала мен Былғары кентінде бөгеттер арқылы 79 жоғары өнімді насос тәулігіне 300 мың суды сорды. Бұл жұмыстар су басқан аудандар толығымен құрғағанша жалғасады.

Сондай-ақ аралау барысында өңір басшысы Заречный кентінде болды. Мұнда су деңгейі төмендеп келеді. Кеше 4 ауданнан бригадалар келіп, көшелер мен үйлерді қалпына келтіру және тазалау жұмыстары басталған. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Петропавлда бір ай бұрын жоғалған қала тұрғынының денесі тасқын су басқан ықшам ауданнан табылды.