Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, департамент мемлекеттік қызмет органдарының жиырма жылдығына орай «20 қайырымды іс» акциясын өткізіп жатыр. Көлдің жағасын санитарлық тазалау да осы шаралардың біріне айналып отыр.
Департамент қызметкерлері көлдің 2 километрдей айналасын тазалады, 1 тонна қоқыс жинады.
«Таза жағалау» шарасы көліміздің ластануынан түбегейлі құтқармайды, алайда қала тұрғындарына жақсы үлгі көрсетіп, тазалық мәселесіне назарын аудартады», - деп сенімін білдірді баспасөз қызметіндегілер.
Бұл акциядан бөлек, департамент жалғызбасты аналар кішкентай 4 баланы жалғыз өздері асырап жатқан көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсетіп, Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінің маңайына ағаш отырғызып берді және қайырымдылық концертін өткізді.