Петропавлда мемлекеттік патриоттық «Бірлігіміз жарасқан» науқаны аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

None
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлда «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің қатысуымен «Таза жағалау» атты экологиялық акция өтті.

«Таза жағалау» экологиялық шарасы кең таралған «Бірлігіміз жарасқан» науқанының аясында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараның мақсаты - аймақтағы экологиялық жағдайға, әсіресе, Есіл өзені жағасының ластануына қоғам назарын аударту болып табылады.

Акцияға жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, ЖОО-лар мен колледжердің студенттері, барлығы 100-ге тарта адам қатысты.