Қазақстан Конституциясы көшесіндегі көрнекі арка сол маңнан өтіп жатқан қыздың үстіне құлады. Жәбірленуші жедел ауруханаға жеткізілген.
Петропавл денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қыз №3 қалалық аурухананың травматологиялық бөліміндежатыр, жағдайы ауыр.
Конструкцияның құлауына күшті жел себеп болуы мүмкін. Еске сала кетейік, өңірде 19-20 наурызда ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.