Шұғыл штабтың мәліметінше, науқастар ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша анықталды. COVID-19 жұқтырған 8 адамның екеуі - 1978 жылы туған әйелдер. Сондай-ақ 1956, 1965 жылдары туған әйелдерде, 1972, 1994, 2002, 2004 жылдары туған ер адамдарда диагноз расталды. Барлық емделушілер - Петропавл тұрғындары.
Зертханалық талдау олардан бұрын тіркелген сырқаттармен байланыста болған адам ретінде, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша алынды. Барлығы Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Пациенттер бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
СҚО-да 12 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен жалпы 84 адам тіркелген, оның 48-і емделіп шықты.