Петропавлда өтетін QymyzFest фестивалінде ұтысқа жылқы тігілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 17тамыз күні ұлттық тағамдарды насихаттаған «QymyzFest» фестивалі өтеді. Шара аясында ойнатылатын ұтыстың бас жүлдесіне жылқы тігілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда «Қымыз»фестивалі осымен үшінші жыл қатарынан өткізілмек. Бұл жолы шараға өңірдің барлықаудандары ат салысады деп күтілуде. Фестивальге келген қонақтар орталық көшеменөткен керуенді тамашалап, қолөнершілер мен аспаздар сайысының куәсі болады.

«QymyzFest»фестивалінің негізгі бағыты – ұлттық тағамдарымызды насихаттау. Қазақтың ет асудәстүрін көрсетеміз. Ет пісіруден арнайы байқау да ұйымдастырылады. Облыстың 15шақты үздік мейрамханасы мен дәмханасы қазылар алқасына қазақша ет асудыңөзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл күні ұлттық тағамды небары 400 теңгегесатып алуға болады және қонақтар қымыздың түр-түрінің дәмін татуға мүмкіндікалады», - дейді ұйымдастырушылардың бірі «СҚО Рестораторлар мен отельерлерқауымдастығының» төрағасы Сайран Хамзин.


Фестиваль аясындажәрмеңке ұйымдастырылып, облыстың қолөнершілері ағаш, темір, сазбалшықтан жасалған бұйымдарын саудаға шығарады. Ұтысойыны іс-шараның көрігін қыздырмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір адамға 10билет алуға рұқсат етіледі. Данасы 1000теңге. Ұтысқа бағалы заттар тігілген, албас сыйлық иегеріне жылқы бұйырмақ.

Қымыз фестиваліне Қазақстанаймақтары мен көрші Ресей мемлекетінен туризм бизнесінің өкілдері де шақырылды.