Петропавлда пәтер өртенді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда пәтерден өрт шығып, жеті адам құтқарылды. Осы кезде пәтердегі өрттің шығу себебі анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, төртінші қабаттағы өрт баланың тентектігінен шыққан. 4 жасар бала сіріңкемен ойнаған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді қамтиды. Шығындар анықталып жатыр.

Бұған дейін 7 адамның құтқарылғаны жайлы хабарланған болатын.

«Құтқарушылар басшысы дереу жоғарғы қабаттарға газ түтінінен қорғау қызметін жіберіп, үй тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жөнінде шешім қабылдаған. 7 жастағы қыз бен 4 жасар ұл бала жылжымалы автобаспалдақтың көмегімен құтқарылып, 4 қабаттың балконынан шығарылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тұрғын үйден барлығы 25 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.