Қалалық әкімдік былтырғы қателіктерге жол бермес үшін ерте қосқанын атап өтті. Биыл кестені қайта қараған.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, жылуды бірінші кезекте балалар бақшасы мен ауруханаларға береді. Қазіргі таңда қаладағы әлеуметтік нысандардың 70%-ы қосылған.
Көп қабатты тұрғын үйлерге де жылу берілген.
«Тұрғын үй қоры өтініш бойынша қосылады. Биыл 600 төрағаға үйді жылыту маусымына дайындау кезінде алдымен не істеу қажеттігі туралы хабарладық. Оны 30%-дан астамы орындады. Қала тұрғындары үйлердің жеке меншігі екенін түсінуі тиіс», - деді Петропавл әкімінің кеңесшісі Анатолий Мишин.
Петропавлда барлық тұтынушыларды жылуға қосу 10 күннің ішінде аяқталады.