Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылды
«Бұл орталық жалпы білім беретін мектептерге өте қажет. Мұнда балалармен қатар ересектерге де арналған құралдар бар. Атап айтар болса, электрондық құрылғыларды қашықтықтан қосуға мүмкіндік беретін арнайы аспаптар бар, бұл микробақылау арқылы түрлі дүниелер жасауға болады», - дейді Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі информатика пәнінің мұғалімі Виталий Мельников.
Қажетті оқулықтар мен құрылғыларды кітапханаға Қазақстандағы АҚШ Елшілігі жеткізіп берген. Орталықта «Бағдарламалау негіздері» факультативтік курстарын күшейту жоспарланған.
Кітапхана қызметкерлері «Makerspace» орталығына кез-келген адам келе алатынын айтады. Әзірге сабақтар тәлімгердің көмегімен аптасына екі мәрте ұйымдастырылады. Егер сабаққа деген сұраныс жоғары болса, кітапхана робототехника сабақтарын күн сайын өткізбек.