Жобалық қуаты сағатына 100 мың м3 болатын техникалық құрылысты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жұмысы тоқтатылған сорғы стансасының орнында салу көзделген.
Жобаны іске асыру көктемде Петропавл тұрғындары тап болған қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы мұндай апатты жағдайдың қайталануына жол берілмейтінін атап өтіп, СҚО әкімдігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды.
Айта кетейік, бүгін Олжас Бектенов СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу жұмыстарын тексерді.