Петропавлда скутер жүргізушісі жеңіл автокөлікке соқтығысып, қаза тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда скутердің 43 жастағы жүргізушісі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полициядепартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Осипенко жәнеҚазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында тіркелген.

«Honda fit» автокөлігінің 32 жастағыжүргізушісі Караванная көшесімен Осипенко көшесіне қарай жүріп келе жатып,рөлге ие болмай қалған. Соның салдарынан жолайрықта скутер мен ҚазақстанКонституциясы көшесінде тоқтап тұрған «Chevrolet Aveo» автокөлігінесоғылған», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліпжатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жыл басынан бері өңірде 97 жол-көлік оқиғасытіркеліп, соның салдарынан 11 адам көз жұмған, 128 адам жарақат алды. Дәл осыуақыт аралығында полицейлер облыстың жолдарында 50 мың жол ережесін бұзуфактісін анықтаған. Мас күйінде рөлге отырған 790 жүргізуші ұсталды. 5 мыңнанастам құқық бұзушылықтар жылдамдықты асырумен байланысты.

Автор: Олеся Жуковень