Петропавл аумағында Есіл өзеніндегі судың деңгейі шырқау шыңына жетіп, соңғы 23 жылда болмаған көрсеткішті көрсетті. Дәл осындай көрсеткіш СҚО-да 1980 жылдан кейін соңғы рет 1994 жылы болған.
25 сәуір күні түнгісін облыс орталығында Есіл өзеніне жақын орналасқан кенттердегі 122 тұрғын үйді су басты. Дәл осындай қиын жағдай Кожевенный зауыты кентінде орын алып, 115 үй су астында қалса, Заречный кентінде 3 үйді және Перминовый көшесіндегі («Қызылжар Су» ЖШС ауданы) 4 үйді су басты. Аталмыш төтенше жағдайды ауыздықтау үшін және эвакуациялық іс-шаралар жүргізу үшін СҚО ТЖД, СҚО бойынша ҚР ІІМ ТЖК Апатты медицина орталығының мамандары, ҚР Ұлттық гвардиясы №6637 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жұмылдырылды.