«Вызов Севера» атты республикалық турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс соңғы жеті жылда 24-ші рет ұйымдастырылып отыр. Ал Петропавлда Наурыз мерекесіне және «Әлем қырандары» бильярдшылар қауымдастығы» РҚБ-ның құрылғанына 7 жыл толуына орай алғаш рет өтті.
«Турнир 19 наурыз күні салтанатты ашылды. Сол күні жеті адамға «Құрметті бильярдшы» төсбелгісін табыстадық. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 14 команда, 100-ден астам спортшы қатысты. Мақсат – саламатты өмір салтын насихаттау, спортқа оң көзқарасты қалыптастыру, бильярд спортының дамуына ат салысу», - дейді START БК жетекшісі Николай Хван.
Турнир екі жас санаты: 50-63 және 63-тен асқандар бойынша өтті. Командалық және жеке есеп бойынша сыналды. Нәтижесінде командалық есепте 50 арасында Шымкент спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Талдықорғанның «Жетісуы», үшінші орынды Алматының «НАП» командасы алды. Ал жекелей есепте талдықорғандық Ермек Тынысбаев үздік деп танылды.
63 санатында астаналық «Тарлан» жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші-үшінші орындарды Шымкенттің және Нұр-Сұлтанның «Әлем қырандары» бөлісті. Ал жекелей есепте астаналық Виктор Ли үздік нәтиже көрсетті.