«Бүгін сағат 9:55-те бірінші көтергіш сорғы станциясында электр энергиясы апаттық жағдайда сөнді. Қазіргі уақытта мұнда электрмен қамтушы компания қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сорғы станциясына электр қуаты берілісімен-ақ, Петропавлды сумен қамту қалпына келеді. Барлық әлеуметтік нысандарға суды жеткізіп береміз.
Облыс орталығының тұрғындарынан дүрбелеңге салынбауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер», - деді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры.
Бұған дейін Петропавлда Есіл өзенінің суы тасып жатқанын айтқан едік.