Петропавлда су құбыры апатының себебі анықталуда

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың алғашқы күндерін Петропавлдың бірнеше көп қабатты үйінің тұрғындары сусыз қарсы алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаланың түрлі аудандарында 1 қаңтар күні таңертең су берілу тоқтаған. Бірнеше сағаттан кейін сумен жабдықтауды қалпына келтірді. Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары бүгін де судың болмауына немесе су қысымының төмен екендігіне шағымдануда. Бұл Жұмабаев, Абай және Интернациональный көшелерінің аумағында Петропавл орталық су құбырларының біріндегі апатқа байланысты болған.

«Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметі күтпеген апаттың салдарынан 5 тұрғын үйде суық судың берілуі тоқтағанын хабарлады. Тағы 10 тұрғын үйде қысымның төмендеуіне байланысты судың күші төмендеген және 1-3 қабаттарға ғана су келген.

«Лезде су жеткізу ұйымдастырылды. 3 қаңтарға қарай барлық 10 тұрғын үйге су жеткізілді. Бүгінгі таңда барлық үйлерде су бар», - деп мәлім етті «Қызылжар су» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Әзиза Табеева.

Оның айтуынша, апатты жоюға 50 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда мамандар апаттың себебін анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар