Ауа райын болжаушылардың мәліметтері бойынша, Есіл өзеніндегі су деңгейі соңғы тәуліктердегі бақылау бойынша бұрынғыдай қалып отыр.
«Петропавлда су тасқыны биік деңгейге жетті. Бір тәулікте су деңгейі 1093 см-ден 1094 см-ге дейін көтерілді», - деп хабарлады «Қазгидромет» филиалы.
Ақмола облысы аумағынан құйылып жатқан мол суға байланысты Аққанбұрлық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі байқалады.
Долматово ауылы маңында да Есіл өзеніндегі су деңгейі жоғарылады. Онда тәулігіне 28 см-ге көтеріліп, 1362 см-ді құрады.
Тұрғын үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ.