Петропавлда суға кеткен 10 жасар баланың денесі сегіз күннен кейін табылды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі қала маңындағы елді мекендердің бірінің жанынан табылды.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге бүгін таңғы сағат 8.30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат және еріктілер шыққан.
Сағат 16.00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Естеріңізге салайық, 14 маусым күні 10 жасар бала достарымен бірге Петропавлдың Зайсан шағын ауданы жанында Есілге шомылуға түскен.
Ойын қызығымен жасөспірім бір сәт иірімге түсіп, батып кеткен.
СҚО-да суға шомылу маусымы басталғалы үш жасөспірім суға кетті.