Аққулар жергілікті қорықшыларға тапсырылды.
«Петропавл қаласының маңында бүгін 6 аққуды құтқардық. Олар күн суытқанға дейін оңтүстікке ұшуға күш жиып үлгермеді. Кейбіреулерінің қанаттары зақымданған. Құстар құтқарылған соң қорықшыларға тапсырылды. Шараға 5 құтқарушы жұмылдырылды», - деді СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Андрей Морозов.