Жедел штабтың мәліметінше, ауырған адам 33 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Дәрігерге қаралған кезде онда суық тиюдің белгілері - жоғары температура, әлсіздік болған. Тамағы қызарып, ауырған. Мамандар бірден COVID-19 вирусына тексерді. Әйелдің қауіпті індетті жұқтырғаны расталды.
Қазір науқас Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатыр. Онымен байланыста болған 9 адам анықталды. Эпидемиялық тергеу жұмыстары жалғасады.
Жалпы, СҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам бар. Олардың 48-і емделіп шықты.