Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөзқызметіндегілер 58 жастағы такси жүргізушісі мен 44 жастағы жолаушы арасындакикілжің болғанын растады.
«Петропавл қаласының полиция басқармасына төбелес туралы қоңырау түскен. Оқиғаныңмән-жайын анықтау барысында такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындағаныбелгілі болды. Жолаушы сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейінполицейлер процессуалдық шешім қабылдайды», - деді баспасөз қызметінен.