Петропавлда техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда өрт сөндірушілер жанып жатқан техникалық қызмет көрсету стансасынан бес машинаны алып шықты.

Фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 04:36-да 101 телефонына Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станциясының ангарында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде бес қақпалы ғимараттың шатыры толық жанып жатқан. Күрделігі бойынша үшінші шақыру нөмірі жарияланды. 

Фото: СҚО ТЖД

Мамандар екіге бөлініп, бірі өрт сөндіруге кіріссе, екінші топ ангардан көліктерді шығарды. 

Жалпы өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 46 адамы және 14 техникасы жұмылдырылды. 
5 көлік өрт орнынан шығарылды.

Сағат 06.53-те техникалық қызмет көрсету стансасындағы өрт толық сөндірілді. 

Келген шығын мен өрттің шығу себебі анықталады.