Петропавлда тез бұзылатын тауарды тасымалдайтын вагондар құрастырылады

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тез бұзылатын азық-түлікті тасымалдауға арналған вагондар құрастырыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петропавл ауырмашина жасау зауыты» АҚ мен «CОLL INFINITY» ЖШС-ның ынтымақтастығы нәтижесінде тезбұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған изометриялық вагондаршығарыла бастайды.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Нарықтық жағдайдатұрақты даму мақсатында зауыт жаңа жобаны қолға алды.

«COОL INFINITY» ЖШС-нің конструкторлыққұжаттамасы бойынша кәсіпорында өндірістің толық циклы жолға қойылған. Инжинирингтікорталық өз күшімен стапельді стендтік жабдықты жобалады. Әлеуетті серіктестерімізбенсатылымдардың көлемі туралы келіссөздерге дайынбыз. Жаңа жобакәсіпорындардың өндірісін толықжүктеугемүмкіндік беретіні маңызды», – деді«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ басдиректоры Вадим Шақшақбаев.


Кәсіпкерлерпалатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын өкілдері және«CОLL INFINITY» ЖШС басдиректоры Валентин Каргин «Атамекен» ҚРҰКП төрағасының орынбасары ЕвгенийБольгертке вагондар өндірісіне қажетті құжаттарды жедел әзірлеп, изометриялық вагондардың сертификатталғандығы туралы ақпарат берді.

«Серіктесті іздеу кезінде көптеген кәсіпорындар қаралды. Таңдау «Петропавл ауырмашина жасау зауыты» акционерлік қоғамына түсті. Өйткені кәсіпорыннан бізге қажеттіәлеуетті байқадық. Біріншіден, зауыттажоғары білікті дәнекерлеуші-мамандар және слесарь-жинаушылар жұмыс істейді.Екіншіден, конструкторлық-технологиялық бөлімнің әлеуеті жоғары. Осының бәрі бізге ақпан айынанбастап қысқа мерзімде вагондарды өндіру, жинау тізбектерін жолға қою, сәйкескелу сертификатыналуға мүмкіндік берді», – деді ЖШСбас директоры Валентин Каргин.

Кездесу барысында Евгений Больгерт изометриялықвагондарды жасаудыңбарлық кезеңдерімен танысты.

«Қазақстандық, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие, жаңаүлгідегі вагондарды жасаубойынша жоба іске асырылды. Бұл вагондар Қазақстанның транзитті және экспорттыәлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Біз «Петропавл ауыр машина жасау зауыты»АҚ өнімін Ресей Федерациясы нарығынашығарубойынша жоспарды жасапқойдық. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нарықта сұранысқа ие өнім шығаратын,импортты алмастыру бойынша мәселелерді шешіп, экспортқа бағытталған тауар ұсына алатын кәсіпорындарғакешенді қолдау көрсету үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігіне өтінім жасамақ», – деді Евгений Больгерт.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және оныңинвесторы – «CОLL INFINITY» ЖШС ықтималсеріктестерменкездесуге дайын және изометриялық вагондарөндірісі көлемін арттыруды көздеп отыр.



Соңғы жаңалықтар