Петропавл әкімі облыс орталығын сумен қамту 4 сағаттың ішінде қалпына келетінін жеткізді.
«Кеше түнде Петропавлға мол көлемде су келді. Прибрежное елді мекенінде орналасқан бірінші көтергіш сорғы станциясын электр қуатымен қамтитын төрт тәуелсіз электр желісі бағандарын сумен келген мұз зақымдады. Осыған байланысты қалаға су беру шектелген. Электрмен қамтушы компанияның апаттық бригадасы сол жерде жұмыс істеп жатыр. Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарланған. Сабырлық танытыңыздар. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», - деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Бұған дейін Петропавлда су берудің тоқтап қалғанын айтқан едік.