Қала әкімі бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады. https://www.instagram.com/p/C5s34mEtccV/
«Бүгін біз сынақ режимінде екі баламалы сумен жабдықтау көзінің бірін қоса алдық. Крандардан келетін су ішуге жарамды. Жүйедегі қысым бірте-бірте көтеріліп келеді. Қысым қалыпқа келгеннен кейін барлық үйлерге су беріледі», - деп жазды Серік Мұхамедиев.
Естеріңізге салайық, 12 сәуір күні таңертең Петропавлда су беру тоқтатылған еді. Тасқын сумен келген мұз бірінші көтергіш сорғы станциясына қуат беретін электр желісінің бағандарын құлатты.
Мәселені шешу үшін Петропавлда балама су көздері қаралған еді.