СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметініңмәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңғы 9-дарда болған. Өрт сөндірушілерге «Петропавлқаласындағы Февральский көшесіндегі 10-ыншы үй жанып жатыр» деген хабар түседі.Мамандар жеткенше бір қабатты үй түтінге оранып, ішкі қабырғалары мен төбесіжана бастаған.Жалынды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1957 жылы туған үй иесініңденесін тапты.
Өрттіңсалдарынан үйге кіреберіс - 25 шаршы метр аумақ толық жанып кетті. Әзіршежалынның неден шыққаны, келген шығын мөлшері белгісіз.
Мамандардыңмәліметінше, жыл басынан СҚО-да өрттен 24 адам қаза тапса, соның біреуі – бала.14 адам түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ 34 тұрғын құтқарылды.