Петропавлда Ұлттық лиганың ерлер командаларының арасында волейболдан республика чемпионатының екінші туры басталды
13:15, 15 Қаңтар 2011
ПЕТРОПАВЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавлдағы «Жеңіс» спорт кешенінде Ұлттық лиганың ерлер командаларының арасында волейболдан республика чемпионатының екінші туры басталды.
Чемпионаттың алғашқы туры өткен жылдың аяғында Хромдауда өткен болатын. Бірінші турдан кейін 10 ұпаймен «Алматы» командасы көш бастаса, екінші орында - 9 ұпаймен хромтаулық «ТНК Казхром» командасы, үшінші орында 8 ұпаймен өскемендік «ШығысСвинецСтрой» командасы келеді. петропавлдық «Есілдің» волейболшы жігіттері төртінші орынды қанағат тұтып отыр.
Чемпионаттың екінші туры 20 қаңтарда аяқталады.