Петропавлда үнді тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
15:09, 10 Мамыр 2011
ПЕТРОПАВЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл қаласының «Түркістан» ойын-сауық кешенінде үнді тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр, онда жиһаз, киім-кешек, кәдесыйлар, түрлі қажетті заттар бар.
Мұндай көрме бұл жерде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Келушілердің назарын інжу мен тастар топтамасы, киімдер, ашық түрлі-түсті орамалдар мен шәлілер, табиғи мақтадан қолдан жасалған жамылғылар өздеріне аударып алды. Бұл жерде үнді иіс майларын да сатып алуға болады.
Көрме-жәрмеңке екі елдің ынтымақтастығы шеңберінде облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр. Алдағы жоспарда қазақстандық тауарлардың осы секілді жәрмеңкесін Үндістанда да ұйымдастыру бар.