Облыстың ТЖД ақпаратына сәйкес алдағы екі күнде СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 22 және 23 желтоқсан күні түнде өңірде күшті аяз болады, кей жерлерде аяз - 40 градусқа дейін жетеді.
«ТЖД халықтың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады», - делінген хабарламада. Облыста бүгін де аяз болды.
Петропавлда ауа райы минус 38 градусқа дейін түсті. Кей аудандарда - 42 градусқа дейін төмендеді. Мектептерде сабақ кейінге қалдырылды. Түнде барлық бағыт бойынша жол жабылды.