Петропавлда үш жол-көлік оқиғасын жасаған ер адамға сот 1 млн теңге айыппұл салды

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Жолда жүру ережесін бірнеше рет өрескел бұзған ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ.

Істі Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.

Оқиға биыл 30 тамызда болған. Жүргізуші к. куәлігі болмағанына қарамастан, «Nissan Maxima» маркалы автокөлігін басқарып, үш жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан басқа бірнеше көліктке зақым келтіріп, екі рет оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот К.-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 3-бөлігі және 611-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни көлік жүргізушісінің біреудің мүлкін бүлдіруі және жүргізуші куәлігі жоқ адамның көлікті басқаруы деректері бойынша кінәлі деп танып, оған 260 АЕК - 1 022 320 теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Сот қаулысы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді қағып кеткенін жазған едік.