Онда Алматы, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Семей, Талдықорған, Көкшетау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының үздік ақындары айтысады.
Бас жүлденің жеңімпазына Renault Duster автомобилі сыйға тартылады. Бірінші орынға - 1 миллион теңге, екінші орынға - 500 мың, үшінші орынға - 300 мың теңге беріледі.
Қазылар алқасының құрамына: Баянғали Әлiмжанов, Ербол Бейiлхан, Жарасбай Сүлейменов, Серiк Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Дәстен Баймұқанов кіреді. Қазылар алқасының төрағасы - ақын Ғалым Жайлыбай.