Петропавлда үздік Наурыз көже байқауы өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар жалғасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Негізгі шаралар Орталық алаңда өтіп жатыр. Мұнда этноауыл, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтуде. Петропавлдық домбырашылар «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындады. Қаланың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама әзірледі.

 

Наурыз мейрамын тойлау аясында мейрамханалар мен дәмханалар арасында үздік Наурыз көже байқауы өтті. Нәтижесінде «Есіл» мейрамханасының наурыз көжесі үздік деп танылды.

 

Кешке Петропавлдың Орталық алаңында «Наурыз көктем» кешкі жастар бағдарламасы өтеді деп күтілуде.