«13 мамыр күні 13:17-де Петропавлда, Калинин атындағы зауыттың аумағында шөптер өртеніп, артынша бос тұрған 3 металл ыдысты да жалын шарпыған. Бұрын оларда изоляциялық лактар сақталған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Өрттің жалпы аумағы анықталуда.
Сөндіру жұмыстарына 10 адам және 10 арнаулы техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.