Петропавлда жабық хоккей кортының шатыры опырылып түсті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың 19-мөлтекауданында жабық хоккей кортының шатыры опырылып түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл жағдай бүгін таңертең орын алды. Алдын ала деректерге сүйенсек, зардап шегушілер болмаған.  Құрылымның опырылу себебі анықталуда.

Еске сала кетейік, корт 2014 жылы ашылды. Жоба құны - 15 млн. теңге. Петропавл спорт бөлімінің жетекшісі Валерий Евдокименко мәлімдегендей, хоккей кортының құрылыс жұмыстарымен Қостанай облысы, Лисаковск қаласының «Спецстальконструктор» компаниясы айналысқан.