Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, өңірдің басты шыршасының шамдары 24 қаңтарда сағат 19.00-де жағылады. «Төрлет, құтты, Жаңа жыл!» салтанаты осылайша мерекелік іс-шаралар легін бастап бермек.
26 желтоқсанда сағат 19.00-де Пестрое көлінің жағалауында орналасқан «Солтүстік жұлдызы» саябағында мұз қалашығы ашылып, концерттік бағдарлама өтеді.
27 желтоқсанда сағат 18.00-де Петропавл қалалық әкімдігінің алдындағы орталық алаңда «Жаңа жыл» мерекелік концерттік бағдарламасы жоспарланған.
28 желтоқсан күні сағат 17.00-ден бастап Береке шағын ауданының тұрғындары «Жаңа жылды бірге қарсы аламыз!» көшпелі концертін тамашалай алады.
29 желтоқсанда сағат 17.00-де Жеңіс саябағында «Жап-Жаңа жыл концерттік бағдарламасы өтіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйламақ.
30 желтоқсанда сағат 18.00-ден бастап орталық алаңда би кеші өтеді.
31 желтоқсанда сағат 18.00 мен 20.00 аралығында бас алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік жаңа жылдық концерттік бағдарлама ұсынылмақ.
Ал 1-7 қаңтар аралығында сағат 17.00-ден бастап бас алаңда күнделікті балаларға арналған түрлі ойын-сауық, спорт кештері өтпек.
Бұл күндері аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларды қамтыған түрлі мерекелік акциялар да ұйымдастырылмақ.