Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мәуітова ҚазАқпаратқа 2018 жылы ең бірінші ұл бала туғанын айтты.
«Жаңа жыл түнінде бес бала туды: үш ұл, екі қыз. Біріншісі - салмағы 4 кг 344 гр ұл. Ол - петропавлдық отбасының үшінші перзенті», - дейді Ж. Мәуітова.
Жаңажылдық мереке күндері өмірге келген 27 баланың екеуі мерзімінен бұрын туды.