Петропавлда жас жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полиция қызметкерлері 28 жастағы ер азаматтың өліміне қатысты жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні Черемушки шағын ауданындағыдәмханалардың бірінде жас жігіт мерт болған.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөзқызметінің мәліметінше, ер адамның өліміне оның алған жарақаттары себеп болған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғыныұсталды. «Адам өліміне алып келген дене жарақатын салу», «Бұзақылық» қылмыстық баптарыбойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалартағайындалды. Істі толық, жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу жұмыстарыжүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Олеся Жуковень